. Қолдарыңды көтер, алақаныңды жай, тіліңді дұғамен сөйлет!
Дұға жасауды жақсы білген адам, уайымдап, мазасызданбауға лайық. Өйткені, Алла Тағаланыңкінен басқа барлық арқан атаулы үзіліп кетеді. Алла Тағаланыңкінен басқа барша есік түгелдей жабылып қалады. Сондай-ақ, Алла өте Жақын әрі Естуші, Қабыл алушы. Жаны қиналып, күйзелген адам жалбарынып дұға қылса, Ол қабыл алады. Ол – аса қуатты, бай болуына қарамай, әлсіз, кедей адам баласын Өзіне дұға етуге бұйырады: «Маған дұға етіңдер, Мен сендерді қабыл алам».
Сондықтан да, егер сенің басыңа бірер қиындық туса, Алланы еске ал, Алладан жәрдем, кеңшілік сұра. Алланы ұлықтап, маңдайыңды топыраққа бөле. Сонда ұлықтық, еркіндік тәжін қолыңа кіргізесің. Мұрныңды құлдық етіп, топыраққа малы, жетістікке жетесің. Қолдарыңды көтер, алақаныңды жай, тіліңді дұғамен сөйлет, Одан көп сұра, жалбарын, есігі алдында тұрып ал. Оның мейірімін, аяуын тос. Оның жеңісін күт. Оның есімін жадыңда сақта. Ол туралы жақсы ойда бол. Оған шын көңілмен беріл. Сонда ғана сен ең бақытты жан болып, жеңіске жетесің!